«Бұқар-Жырау агротехникалық колледжі» КММ «№18 Кәсіптік лицейі» негізінде құралған.
«№18 Кәсіптік лицейі» Бұқар-Жырау ауданы Ростовка ауылында 2008жылы құралған.
«Буқар-Жырау агротехникалық колледжі» КММ-де үш оқу орындары Ғабиден Мұстафин кеңтінде, Ростовка және Көкпекті ауылдарында орналасқан.
Колледж техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді жөндеу, сатушы, аспазшы, бухгалтер, ауыл шаруашылығы шебері (фермер), электрогазосварщик және де аумақтың әртүрлі саласындағы экономикасының, еңбектің нарығында, бәсекеге сәйкес мамандарды дайындайды.
Колледждің директоры – Сулейменов Қазбек Пайрузұлы.
Колледжде мамандырылған және тұрақты ұстаздар ұжымы қызмет етеді. Олардың ішінде – 90 пайызы жоғары білімді мамандар, 1 – ғылым кандидаты, 1 – ғылым магистрі және де 1-ші, жоғарғы санатты ұстаздар.
Екі оқу орындары, бір оқу-өндірістік базасы Көкпекті ауылында орналасқан, ауылшаруашылық өнімдерін өсіру үшін 350 га жері бар.
Оқу орындарында 8 кабинет интерактивті тақтамен, 3 кабинет проекторлармен, интернет қосылған 30 компьютер және WIFI-мен қамтылған.
Жетістіктері:
2004 жылы облыстық ауылшаруашылық өндірісінің шебері сайысында 3 орынға;
2008 жылы «Механизатор маманыдығы бойынша үздік» сайысында 3 орынға;
2014 жылы «Кәсіптік шеберлік» сайысында 2 орындарға ие болды.
2014 жылы Қарағанды қаласында WS сайысына
2016 жылы Қарқаралы қаласында «Тракторшы – машинисті мамандығы бойынша үздік» сайысына қатысты.
Оқу орнына түсу үшін құжаттар тізімі:
1)оқуға қабылдау туралы өтініш,
2)жеке куәлік көшірмесі,
3)оқу орнын бітіру туралы құжат,
4)№068-У форма бойынша медициналық мәлімет,
5)қосымша флюорография суреті,
6)3х4 пішінді 4 фотосурет.
Байланысу:
Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау ауданы Ростовка ауылы, Центральная көшесі, 12.
Кабылдау: +7(7213)8-37-404
Факс: +7(7213)8-37-404
Еmail: gupl_18@mail.ru
Толығырақ
Өз пікіріңізді қалдырыңыз, мүмкін, бұл басқа жастарға таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар, сіздің бағалауыңыздан біздің рейтингіміз қалыптасады.
Пікір қалдыру